Шығыстағы көрші. Аңыз бен ақиқат

Қазақстан мен Қытай 2015 жылдан бері ел аумағында құны 4 млрд долларды құраған 15 жобаны жүзеге асырған. 11 жоба жүзеге асырылып жатса, 29 жоба әлі де қаралу үстінде. Бұл статистика «Хабар» телеарнасының «Ближний сосед. Реальность без мифов» атты деректі фильмінде көрсетіледі.

Шығыстағы көрші. Аңыз бен ақиқат

Бұдан өзге деректі фильмде Қазақстанда Қытаймен серіктестік нәтижесінде бой көтерген және салынып жатқан зауыттар туралы, олардың экономикаға тың серпін берудегі әлеуетін арнайы сарапшы мамандар айтып берді. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ жылдарға жалғасқан жақын көршілік пен достас қатынастар да сөз болады.