Ресей: Автобус апатынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті (видео)

«РИА Новостидің» жазуынша, Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады. Қаза тапқандардың саны 19-ға жетті.

Ресей: Автобус апатынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті (видео)
© «Подъем» Telegram-арнасы

Оқиға салдарынан тағы 21 адам түрлі жарақат алған.  РФ Жол полициясының мәліметінше, оқиға 1 желтоқсанда Забайкалье аймағынан 60 шақырым жерде орналасқан Могойтуй - Сретинск - Олочи автожолында болған. Сретинск - Чита бағытындағы автобуста 43 жолаушы болған. 

«Алдыңғы дөңгелек сынып қалғаннан кейін қозғалыс бағытындағы автобус оңға қарай шығып, содан кейін Куэнга өзеніне аударылып кеткен» делінген хабарламада. 

Апаттың себебі анықталып жатыр.


© «Подъем» Telegram-арнасы