Әлемдік суицид статистикасы: Ресей алдыңғы үштікте

Жер бетінде әр 40 секунд сайын өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алады. Жалпылай алғанда бір жыл ішінде қайғылы жағдайға 800 мыңдай адам душар болуда. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялап отыр.

Әлемдік суицид статистикасы: Ресей алдыңғы үштікте
© сурет ашық интернет көздерінен

2016 жылы әлемде 100 мың адамға шаққанда 10,5 суицид оқиғасы тіркелген. ДДҰ-ның хабарлауынша, қайғылы қазаға ұшырайтындардың жартысынан көбі 45 жасқа дейінгілер.

Өз-өзіне қол жұмсау ісі бойынша Ресейдегі жағдай әлемдік орташа көрсеткіштерден 2,5 есе (100 мың адамға шаққанда 26,5 оқиға) асып кеткен. Бұл – Лесото (28,9) мен Гайана (30,2) мемлекеттерінен кейінгі көрсеткіш.

«Салыстыра қарайтын болсақ, Беларусияда бұл көрсеткіш 21,4 оқиғаны құраса, Украинада – 18,5; АҚШ – 13,7; Канадада – 10,4; Израильде – 5,2»,– деп мәлімдеді ДДҰ.

Ұйымның дерегінше, 2016 жылы Ресей Федерациясында 44 673 адам суицидтің құрбаны болған.