Зеленский халықтың бағалауы бойынша рейтингте Путиннен озып кетті

Владимир Зеленскийдің Украинадағы тұрғындардың бағалауы бойынша рейтингі Владимир Путиннің Ресейдегі рейтінгінен жоғары, - деп жазады  Bloomberg.

Зеленский халықтың бағалауы бойынша рейтингте Путиннен озып кетті

Bloomberg агенттігі мұндай қорытындыға әлеуметтік сауалнама нәтижесінен кейін келген. Тамыздың аяғында «Левада-центр» орталығы зерттеуін жариялады. Орталық жүргізген зерттеу бойынша, ресейліктердің 67%-ы Путиннің қайраткерлігін жақтап дауыс берген. Бұл тұрғыда, аталған зерттеу орталығының бір ай бұрын шілдеде жүргізген зерттеуінде көрсеткіш 68%-ды құрапты.

Ал, қыркүйек айының басында «Рейтинг» әлеуметтік тобы жүргізген сауалнамада украиналықтардың 71%-ы Зеленкийдің қайраткерлігіне қанағаттанатынын айтқан (шілдедегі көрсеткіш 58% болған).

«Левада-центр» орталығының қызметкерлері: «Жалпы, сіз Владимир Путиннің Ресей президенті ретіндегі жұмысын мақұлдайсыз ба, жоқ па?»,-деген сұрақ қойса, «Рейтинг» тобы: «Сіз президент Владимир Зеленскийдің жұмысына қанағаттанасыз ба?»,-деген сауал жолдаған.

Bloomberg кезінде Қырымды Ресейге қосқаннан кейін Путиннің рейтингі 89% -ға жеткенін еске салады.

Агенттік атап өткендей, жоғарыдағыдай көрсеткішке жету үшін Зеленскийге ұзақ жолды жүріп өту керек болған.

«Путин Ресейдің көшбасшысы ретінде жиырма жылға жақындап келеді. Экономикалық экспансия тоқтады, онымен бірге үлкен шығындардың тежелуі жалпы көпшілікті қуантқаны байқалады», – деп жазады Bloomberg.