Қандай есім балаға байлық әкеледі?

Жақында HushHush балалар киім дүкені миллиардерлердің арасында ең көп аталатын есімнің тізімін жасады. Соның ішінде дүниеге келген сәбиге байлық пен сәттілік әкелетін 10 шақты қыз бен ұлдың тізімі анықталды.

Қандай есім балаға байлық әкеледі?

Дүкеннің негізін қалаушы Аарон Харпин бұл тізім болашақ ата-аналарға баланың өмірде сәттілікке жетуіне көмектеседі деп үміттенеді.

 «Ата-ана әрқашан өз баласына бар жақсылықты жасағысы келеді, ал байлық – болашақтың жақсы факторларының бірі. Бұл тізім аналар мен әкелерге балаларына жақсы өмір сыйлауға көмектеседі деп сенеміз», - деді ол.

 Сонымен сәттілік әкелетін ұлдардың ең танымал есімдері: Джон, Дэвид, Том, Вонг, Билл, Чарльз, Майкл, Роберт, Мұхаммед және Джим. Ал қыздардан Мэри, Джудит, София, Анна, Виктория, Елизавета, Абигайл, Ким, Макензи және Кирстен есімдері екен.

 Тізімді құру үшін дүкен The Sunday Times басылымынан тұтынушылардың ішкі деректерін және Ұлыбританиядағы ең бай 1000 адамның рейтингін пайдаланды.