Түркіменстан Конституциясын өзгертпек

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдің Конституциясын өзгерту туралы ұсыныс айтты. Оны өзгертуге қатысты комиссия жұмыс бастады деп жазады Азатлык радиосы.

Түркіменстан Конституциясын өзгертпек
дереккөзден

Конституциялық кеңесті президенттің өзі басқарды. Бердімұхамедов елдегі экономикалық және саяси жағдайдың беталысы өзгеріп жатқандықтан, өзгерістер қажет екенін алға тартты. Халық Мәслихаты мен Меджлисті қосу туралы реформа да бар. Конституцияның жаңа редакциясы 2020 жылы қаралады, сол уақыта дейін дайын болуы керек деді Түркіменстан басшысы.

Соңғы рет Түркіменстан Конституциясы 2016 жылы өзгертілген еді. Елдің Конституциясы 1992 жылы қабылданып, 1995, 1999,2003,2006 және 2016 жылдары өзгертілді.