Свеа (Швеция) округының апелляциялық соты «Газпром» мен «Нафтогаз» арасындағы дауда украиналық компания жағына шықты. Бұл оқиға Ресей мен Украина арасындағы жаңа келісімшарт туралы келіссөздер басталған сәтте орын алды. Сот шешімі келіссөздерді қиындатуы мүмкін,– деп жазады bbc.com.
Украина президенті Владимир Зеленский 25 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені туралы айтты. Бұл туралы ол Эстония президенті Керсти Кальулаидпен бірлескен брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды Украинаның «112» телеарнасы.
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) сәйкес комитеті атқарушы комитетке Ресейді төрт жылға халықаралық жарыстарға қатысудан шеттетуді ұсынды. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды.
Қазіргі уақытта Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болуы туралы пікірталас айтарлықтай жүріп жатыр. Әсіресе, қазан айы туысымен Одаққа кіру, кірмеу туралы әңгіменің «қазаны» қайнай түскен.
Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясы күннің күрт суытуына байланысты қауіптіліктің «көк» деңгейін жариялады, – деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.