Ұлыбританияда Қазақстан Президентінің жолдауы талқыланды
Ұлыбритания жұртшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы  Жолдауының басым бағыттары бойынша пікірлерін білдірді.
Ресейліктердің 41% әкесін өлтірген апалы-сіңілі Хачатуряндардың ісін ақтап отыр
«Левада-Центр» сараптамалық орталығы жүргізген сауалнамаға жауап берген ерлердің 33%-ы әкесінің өліміне себепкер ретінде айыпталған Хачатуряндардың әрекетін ақтаған, бұл тұрғыда апалы-сіңілі қыздарды жақтаған әйелдердің үлесі – 47%.
Елес кезген қонақүйлер (фото)
Өмірде елестің бар-жоғына бірі сенсе, бірі сенбейді. Бірақ елес бар жерлерге баруға көбінің жүрегі дауаламайды. Дегенмен сондай жерлерді көруге ынтық жандар жоқ емес. Сол үшін де сол жерге барып, түнеп қайтатындар да бар.
Баян Өлгейде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды
Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағындағы Ақтан Бабиұлы атындағы кітапхананың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында орталықта Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.
Әлемдік суицид статистикасы: Ресей алдыңғы үштікте
Жер бетінде әр 40 секунд сайын өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алады. Жалпылай алғанда бір жыл ішінде қайғылы жағдайға 800 мыңдай адам душар болуда. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялап отыр.
Өзбекстан Google, Яндекс, Alibaba, Netflix-ке салық салмақ
Өзбекстан интернет қызметтерін ұсынатын технологиялық компанияларға салық салмақ. Осы орайда елде жаңа салық кодексі жобасы жасақталды.
Айырқалпақты ағайын неге бүлінді?
Қырғыз елінен тағы бүлік шықты. Бұл жолы Алмазбек Атамбаевты ұстамақ болған әскерилер мен экс-президент жақтастары арасында қақтығыс болды. Ахуалға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз ұстанымын жеткізді. Президент көрші елдегі жағдайдың жуық арада заң аясында шешімін табатынына сенім білдірді.
Өзбекстаннан Ыстықкөлге жолаушылар пойызы жүре бастайды
Маусым айының 6-ынан бастап Ташкент – Бішкек – Балықшы (Ыстықкөл) бағытында халықаралық жолаушылар пойызы жүре бастайды. Бұл туралы Өзбекстан темір жолдарының баспасөз қызметі хабар таратты.
Президент оқуға түсудің жаңа тәртібі туралы қаулыға қол қойды
Биылдан бастап Өзбекстанның жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мен тестілеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Ел президенті Шавкат Мирзияев ЖОО-ға құжат тапсырудың жаңа тәртібі туралы қаулыға қол қойды.    
Нәрестесіне президент есімін қойып, көлік алды
Өзбекстанның Ферғана қаласында тұратын Исломжон мен Дилоромхон Исраиловтар отбасы 1 мамырда дүниеге келген үшемге Шавкатжон, Зироатхон және Саидахон деген ат қойып, мемлекет басшысынан сыйға көлік алды. Бұл туралы centralasian.org сайты жазды.
Беттер: Бұрынғы 1 2 3 4