Халықаралық Олимпиада Комитеті Лос-Анджелес 2028 Олимпиадасынан бастап әйелдер боксының бағдарламасы кеңейтілетінін ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олимпиада Ойындарының тарихында тұңғыш рет бокста ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушылар саны теңесті.
Олимпиада бағдарламасындағы салмақ дәрежелері: Әйелдер (124 боксшы): 51, 54, 57, 60, 65, 70, 75 келі. Ерлер (124 боксшы): 55, 60, 65, 70, 80, 90, +90 келі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.