Әнші наурыз айында еліміздің төрт қаласында концерт беруге тиіс еді.
«Адамның емес, Алланың айтқаны болады»: әнші Төреғали Төреәлі шетелде емделіп жатыр
Фото: YouTube
5,883
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі Түркияда емделіп жатыр. Денсаулығына байланысты жоспарланған концерттерін кейінге шегерген эстрада жұлдызының бүгінде беті бері қарай бастаған. Ол көп ұзамай елге оралмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әншінің жағдайы туралы соңғы ақпаратты досы әлеуметтік желіге салды. Әділет Байнашов есімді азамат жұлдызбен видео арқылы байланысып, біраз сыр шерткенін жазыпты. Әйтсе де Төреғали Төреәлінің сырқаты жайында жақындары тіс жармай отыр.

Естеріңізде болса, әнші наурыз айында еліміздің төрт қаласында концерт беруге тиіс еді. Кейінірек әкесі «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деп, халықтан дұғада болуды сұраған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.