Зардап шеккен адам комада жатыр.
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері апатқа кінәлі болып, оқиға орнынан қашып кетті, – деп хабарлайды Today.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Жол апаты Тасқала ауылында болған.
«Жәбірленуші 56 жастағы ер адам рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан. Апат салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, қалалық көп салалы ауруханаға жеткізілді. Қазір ол комада жатыр. 2-бөлімде полиция қызметкері Сәкен Қожановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабының 1-бөлігі бойынша тиісті шаралар қолданылады», – дейді БҚО әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Александр Плешаков.
Қожанов қамауға алынды, дәл қазір ол өз кінәсін мойындаған.
«Полиция қызметкері оқиға орнынан қашып кеткені рас, ол өз әрекетін қорқынышпен түсіндірді. Ол өзінің жеке көлігін жүргізіп бара жатқан. Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша, жүргізуші апат болған кезде сап-сау болған», – деп толықтырды Плешаков.