Полицейлер темір қоршауға қысылып қалған 4 жастағы баланы құтқарды
Полицейлер темір қоршауға қысылып қалған 4 жастағы баланы құтқарды
120
оқылды

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Сайрам АПБ-ның патрульдік полиция қызметкерлері Манкент ауылында жұмыс істеп жүргенде күтпеген жайтқа кез болады. Тасжол бойында құрылыс заттарын сататын дүкеннің қоршауына қыстырылып қалған 4 жастағы баланы байқайды.   [caption id="attachment_100103" align="aligncenter" width="966"]бала Фото: Дереккөзден алынды[/caption]

Полиция капитаны Нұрболат Тілеубергенов, полиция аға лейтенанты Еркін Альметов және полиция лейтенанты Ғалым Дәукеновтер темір қоршаудан өтпек болып, басы қысылып қалған баланы құтқарды.

Бала «дүкенге барып келемін» деп үйінен шығып кеткен.