Бүгін ауа райы қандай болады?
«2 градус аяз»: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы
3,849
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де Оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Республиканың шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген хабарламада. 

Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, шығысында, батысында өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.