«Болашақтың» мейірім кеші
«Болашақтың» мейірім кеші
331
оқылды

Нұр-Сұлтанда ХІІ Қысқы қайырымдылық балы өтті. Сал­та­­натты іс-шара «Болашақ» корпоративтік қорының бас­та­ма­сымен 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат – ерекше күтімді қажет ететін балалардың сапалы білім алуы­на, спортпен айналысуына жағдай жасау. Мүмкіндігі шек­теулі жандардың әлеуметтік мәселесіне қоғам назарын аудару. Ке­­дергіге қарамай, мақсатына ұмтылған дарынды жастарға қол­дау көрсету. Кештен жиналған қаражат қордың «Әр бала мек­тепке лайық» және «Жол жүру гранттары» қайы­рым­дылық жоба­ларына аударылады.

Салтанатты кеште «Бола­шақ» корпоративтік қоры Қам­қор­­шылық кеңесінің құрметті мү­шесі Бауыржан Байбек қайы­рым­дылық шарасының ма­ңы­зы­на тоқталды.

– Отбасында ерекше қажет­ті­лі­гі бар бала дүниеге келсе, әрине адамның тағдырына, өмірге деген көзқарасына әсер етеді. Көп жағ­дайда ондай ата-аналарға тағ­­дыр тауқыметін жалғыз тар­ту­ға тура келеді. Сондықтан біз­­дің мақсатымыз – оларға кө­мек қолын созу. Қазіргі таңда үкі­­­мет­тік емес ұйымдардың көр­­­­­сеткен көмегінің арқасында бұл мәселе іс жүзінде жүйелі шешімін тауып жатыр. Ерекше қажеттілігі бар балалардың құқы­­­ғын іске асыру үшін тек «Болашақ» қорының мүшелері 60-тан астам қоғамға пайдалы ұсыныс пен инклюзивті білім беруді дамыту бөліміне қатысты заңнамалық актілерге түзетулер енгізді. «Әр бала мектепте оқуға лайық» және «Жол жүру гранты» жобаларының аясында жастарға халықаралық деңгейдегі ғылыми, шығармашылық және спорт сайыстарына қатысу үшін 19 білім беру және 71 жол жүру гранты берілді, – деді Бауыржан Байбек.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жат­қан қайырымдылық шарасынан 7 жыл ішінде қорға 400 миллион теңгеден астам қаражат келіп түсті. Қаржыға Қазақстан бойын­ша инклюзияны қолдайтын 43 кабинет ашылды. Аутизм дертіне шалдыққан және ерекше күтімді қажет ететін 400-ге жуық бала дені сау замандастарымен бірге мектепке барды. Жаңадан 445 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 1000-нан астам маман қайта даяр­лаудан өтті. Әлеуметтік тұр­мысы төмен отбасылардан шыққан және ерекше қажеттілігі бар жандарға халықаралық зият­кер­лік және спорттық жа­рыс­тарға 71 грант берді.

«Болашақ» қоры Қамқор­шы­лық кеңесінің төрағасы Ди­нара Шайжүнісова­ның ай­туын­­ша, мұндай шараның қо­ғам­дағы мүм­кіндігі шектеулі жан­дар­дың өмірін жақсартуға ықпалы зор.

– Бұл жай ғана салтанатты кеш емес. Бұл, ең алдымен көп­те­ген адамның, кәсіпкерлер мен компаниялардың біздің қайы­рымдылық жобаларымызды іске асыруға қосқан үлесі. Бұдан өзге іс-шара арқылы қоғамда мейірім, адам­­гершілікті насихаттаймыз. Осы іс-шараны өткізуге қо­л­дау көрсетіп келе жатқан серік­тес­­­теріміз: A+A Idea Fabric продю­сер­лік орталығы, Centrasia Group холдингі, сондай-ақ осы балдың бас демеушілері – Alageum electric акционерлік қоғамы мен Hilton Astana қонақүйіне ал­ғыс айта­мын, – деді Динара Шай­жүні­сова.

Салтанатты кеште дәстүр бо­йын­ша қолөнер туындылары, жәдігерлер аукционы өтті. Осы жылы лоттар арасында Әлия Назарбаева және фильмнің шы­ғармашылық тобы ұсынған «Томирис» фильміндегі бас кейіп­кердің төсбелгісі, қазақ­стан­­дық суретші Алпысбай Қазы­­ғұловтың «Көшпенділер» кар­­тинасы, XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың ортасына тие­­сілі түскілемдер, ресейлік ак­­­тер және кинорежиссер Дани­ла Козловскийдің фильміне түсу, белгілі баскетболшы Дирк Вернер Новицкидің қолтаңбасы бар футболка мен кейс, Хабиб Нурмагомедовтың қолтаңбасы бар қолғап пен фото, Арнольд Шварцнеггердің қолтаңбасы бар футболка мен баскиім, танымал америкалық әнші Алиши Киздің қолтаңбасы бар нота кітабы және тағы басқа да құнды заттар аукционға қойылды.


Кеш қонақтары қор серіктес­те­ріне бағалы жүлделер ұсынды. Оның ішінде Turkish Airlines ұсынған Парижге барып келуге екі билет, премиум-класс Invictus Astana фитнес-клубына або­не­менттер, Стамбұлдағы Hilton қо­нақүйінен орын, Jeff Tailor ком­­паниясының сый­лық сер­ти­­­фикаттары, «Эпл Якутс­кие бри­ллианты» зергерлік сало­ны­нан сыйлықтардан ұтыс ойыны ой­на­­тылды.

Centrasia Group компания­сының басшысы Алмас Құдай­­берген қайырымдылық шара­сы­ның болашақ ұрпақ үшін өте ма­ңыз­ды екенін атап өтті.

– Мұндай шараны өткізу, оны кеңінен насихаттау өте қа­жет. Себебі қоғамда қолдауға зәру жандар жетерлік. Мейірім, адам­­гершілік, сыйластық болған жер­де қоғамдағы мүмкін­дігі шек­теулі жандарға деген сыңар­жақ көзқарас өзгереді. Олар да қатарынан кем қалмай, білім алуына, спортпен айналысуына жағд­ай жасаймыз. Жаңадан жұ­мыс орындарын ашу арқылы жұмыс­сыздықты азайтып жатыр­мыз. Уақытылы салық төлеу ар­қылы қазына қаржысын тол­ты­руға үлес қосып келеміз. Эко­н­омикадағы оңды өзгерістер, тұрақты даму – тек қана қара­пайым халықтың тұрмысын жақ­сартуға үлкен үлес қосып жат­қаны­на қуанамын, – деді Алмас Құдайберген.

Жыл өткен сайын қайырым­ды­лыққа атсалысқандардың қа­та­ры көбейгені – қуанарлық жайт. «Әрбір бала мектепке ла­йық» жобасына қатысқан отба­сы­ларға жақсылық, қуаныш сый­лап жатыр. Жоба жайында естіп, астанаға басқа қалалардан, тіпті шетелден көшіп келгендер де бар. Биыл қолдауға мұқтаж отбасы Ресейден Қазақстанға кө­шіп келді. Қазір бала Петро­павл­да оқиды. Былтыр жоба жұ­мысын алыс аймақтарда баста­ған кезде балалары мектепке барып, арнайы мамандардан қа­жетті көмек алу үшін 4 отбасы Жаңа­өзеннен Ақтау қаласына кө­шіп келген. Қолжетімді сапа­лы білім алу, ерекше күтімді қажет ететін балалар құқығын қорғау, мамандар даярлауға қол жеткізген. Ерекше айтып өтер жайт, «Жол жүру гранттары» жо­басы аясында Ұлыбритания, Италия, Германия, БАӘ, Таиланд, Ресейде өтетін спорттық, ғылыми және шығармашылық сайыстарға қатысу үшін дарынды, ерекше күтімді қажет ететін жастарға 71 грант берілді.

Дәс­түрлі салтанатты кеш қо­нақ­­тары дебютанттардың биі, «Астана» эстрадалық-симфо­ния­лық оркестрінің өнері, опера әншілері Азат Мәлік пен Зарина Алтынбаева, халықаралық «Но­вая волна» байқауының финалисі Адам, «Голос» байқауының қатысушысы Мархаба Сәби­дің өнерін тамашалады.