Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «Олимп» букмекерлік компаниясының шоттарын бұғаттап, тінту туралы шешімді шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Олимп» кеңсесінің қызметкері Алматы қалалық сотына осы қаулының күшін жою туралы өтініш білдірген, бірақ шешім күшінде қалды және одан әрі шағымдануға жатпайды. Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Олимп» букмекерлік кеңсесінің қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлаған. ҰҚК мәліметтері бойынша, компания интернет-ресурстар арқылы лицензиясыз қызметті заңсыз жүзеге асырған, сондай-ақ ақшаны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз шығарған. Сондай-ақ, комитеттегілер Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Олимп» БК сауда маркасымен жұмыс істеген Only bet ЖШС және Alpha bet ЖШС лицензиясының қолданылуын алты айға тоқтататынын айтты.