«Қазақпарттың» хабарлауынша, Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды.
«Рейстердің кешігуіне әуе кемелерінің кеш келуі, әуежайлардағы қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.
Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы көріну 50/600 метр, тұманға қарамастан, ауа температурасы -1°, әуежай ешқандай шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мына рейстер кешіктірілуде:
DV 729 Skat Алматы – Қостанай, 9 желтоқсан күні сағат 23-20-дағы рейс Қостанайдың ауа райына байланысты 10 желтоқсан сағат 12-35-ке ауыстырылды;
KS 895 "Эйр Астана", Алматы – Дубай, 7-40-дан 8-50-ге дейін кеш келу;
KS 301 "Эйр Астана", Алматы – Өскемен, 12-25-тен 16-35-ке дейін техникалық себептерге ауыстыру;
KC 153 "Эйр Астана", Алматы – Санкт-Петербург, 8-15-тен 10-10-ға дейін; DV 725 Skat Алматы – Өскемен, 9-30-дан 10-30-ға дейін, Өскеменнің ауа райына байланысты.
Жолаушылар қосымша мәліметті алдын ала Халықаралық әуежайдың alaport.com веб-сайтынан алдын ала анықтап алғаны жөн.