Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды
Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды
245
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды.

«Бүгінде өзекті мәселелердің бірі — ЖОО студенттердің шәкіртақысын көбейту екенін білемін. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы көтерілген жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсіруді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.