Құны 470 млн теңге болатын шаяндарды Қытайға алып өтпек болғандар сотталды
Құны 470 млн теңге болатын шаяндарды Қытайға алып өтпек болғандар сотталды
155
оқылды
Алматыда құны 470 миллион теңге болатын артемия салина шаяндарын контрабандалық жолмен Қытайға алып өтпек болғандар сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың екеуі Қазақстан, біреуі Қытай азаматы. Сот үкімімен олар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Артемия салина шаяны тұзды су қоймаларда тіршілік етеді. Артемия цистасы балық және құс шаруашылығында, сондай-ақ фармакология мен косметологияда жоғары бағаланады. Қылмыстық топ Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған биоресурстық тауарлардың 400 тоннадан астамын алып өтпек болған. - Аталған азаматтарға қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген болатын. Яғни бұл экономикалық контрабанда. Және трансұлттық қылмыстық топты құру немесе оған қатысу және жалған кәсіпкерлік баптарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, одан кейін сотқа жолданған болатын – деді Жақсылық Мырзахан, қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі.