Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында жаңа видео жариялады
«Сұлу болмасаң да, сүйер едім ғой»: Мейрамбек Бесбаев жаңа видеосын жариялады
instagram.com/m_besbaev
9,110
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында жаңа видео жариялады. Бейнежазбада әншінің Қазақстанның көрікті таулы табиғаты аясында түскен сәттері көрсетілген.

Видеоға әнші: «Мұнша сұлу болмасаң да, сүйер едім ғой, Ұлы Отаным, Қазақстаным» деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, Қазақстанның әсем табиғатына тәнті болғандарын айтып, пікірлерін жарыса жазуда.