Ұлт тарихында аты қалған композитор
Ұлт тарихында аты қалған композитор
217
оқылды
ҚХП Шымкент қалалық сайлауалды штабы белгілі композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою акциясын өткізді.
Қазақтың дарынды ұлы Шәмші Қалдаяқовтың монументі Шымкент аллеяларының бірінде орналасқан. Автордың мұрасы – оның ұрпақтарына қалдырған үш жүзден астам әні. Композитор дарынының бірегейлігін оған «қазақ вальсінің королі» деген атау берілген. Талантты, қарапайым Шәмші Қалдаяқов «Бақыт құшағында» атты әндер жинағы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның «Арыс жағасында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Дүнген қызы», «Ақ бантик» және басқа да әндері әлі күнге дейін танымал және қазақстандықтардың жадында сақталып келеді.  width=Акция сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны шеңберінде өткізілді. Партия осы арқылы ҚХП-ның «халықтың рухани мұрасы» туралы сайлауалды бағдарламасының тезисін түсіндіруге тырысты. Рухани мұраны сақтайық!