Тоқаев: Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көбейеді
Тоқаев: Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көбейеді
225
оқылды

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы өсетін болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды.
Оның айтуынша, студенттердің шәкіртақысын 2016 жылдан бері көтерілмеген екен.

"Бірақ оның объективті себептері бар еді. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен шешім қабылдадым. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 процентке көбейеді. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды. Менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің стипендиясы 25 процентке өседі", - деді Президент. 
  
Сонымен қатар, Тоқаев өңірлерде жоғары деңгейдегі университет пен колледждер құру ісін жалғастыру қажет екенін атап өтті. Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысты.

Жастармен кездесу елордадағы ЭКСПО кешенінде өтті.