Денис Теннің өліміне айыпты Жанар Толыбаева бостандыққа шықты
Денис Теннің өліміне айыпты Жанар Толыбаева бостандыққа шықты
122
оқылды

Жазасының өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, – деп жазады Tengrinews.kz.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген мерзімін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

«Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді» делінген хабарламада.

Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Үкім екі жыл бұрын 2019 жылдың 17 қаңтарында шығарылған еді. Сол жылдың наурыз айында ол Алматы колониясында босанған болатын. Бір аптадан соң апелляциялық сот алқасы оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырды. 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен еді. Спортшы пышақ жарақатынан қайтыс болды.

Ұсталған күдіктілер көлік айнасы үшін ұрлық жасағанын айтқан болатын. Осы оқиғадан соң көліктің айнасын ұрлап, базарда сататындарға қатысты тексеру жүргізілді. Осы мәселеге байланысты «Көлік айнасын ұрлау көлденең табыс көзі ме?» деген мақала жазған болатынбыз.