Кеше аталған істі Алматы облысының соты онлайн режимде қараған болатын.
Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді
Фото: instagram.com/kair_n
6,005
оқылды

Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Кеше аталған істі Алматы облысының соты онлайн режимде қарады. Әнші жаңажылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда ұйымдастырушылар әншінің шамамен 5 млн теңге болатын шығынын жаба алмайтындықтан концертті өткізбейтінін шешіп, бұл жөнінде оған 42 күн бұрын ескерткен.

Жәбірленушінің сөзінше, ол әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен екен. Ал 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне беріпті.

«Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі, ақшамды қайтарғым келеді», – дейді кәсіпкер Ольга Хван.

Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады. Енді ол Жоғары сотта алты ай ішінде сот шешіміне шағымдана алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.