«Канело» Головкинмен үшінші рет айқасуы мүмкін
«Канело» Головкинмен үшінші рет айқасуы мүмкін
143
оқылды

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін DAZN платформасынан көбірек ақша дәметіп отыр.

«Өкінішке орай, «Канело» Головкинмен үшінші рет кездесуді түпкілікті шешкен жоқ. Бірақ бұған дейін мексикалық оған қаржылай жағынан мәміле жасау жайлы ұсыныс түссе, онда оны қарастыратынын бірнеше рет мәлімдеген. Мұның астарында не жатқаны беймәлім.

 Ол DAZN-мен 365 миллион долларға мәміле жасаған болатын. Альварес мүмкін платформа оған Головкинмен үшінші жекпе-жекке тағы да қосымша қаржы береді деген ойлаған болар?

Бәлкім, DAZN өзінің мексикалыққа төлеген ақшасы Геннадиймен үшінші айқасқа жетіп артылады деп шамалаған шығар», -деп есептейді Boxingnews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуз.