Медеу ауданының №2 аудандық сотында зорлау ісі бойынша айыпталған 34 жастағы Азамат Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2023 жылғы 8 наурыздан 9-на қараған түні Азамат Кенжеғұлов қаланың түнгі клубтарының бірінде демалып, сол уақытта өзінің құрбыларымен демалып жүрген танысы О.-мен кездескен. Бұдан кейін К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелді. Әрі қарай, жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған. Осылайша, сотталушы зорлау ісін жүзеге асырған.
Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен К. ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.