Елордадағы бірқатар тұрғын үйде ауызсу уақытша тоқтатылады.
Жөндеу жұмыстарына байланысты «Астана су арнасы» Тәуелсіздік даңғылындағы 21/1 үйде ауызсу беру тоқтатылады. 10 желтоқсанда сағат 23:00-ден 11 желтоқсан таңғы 06:00-ге дейін су берілмейді. Бұл жөнінде Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Сонымен қатар, Тәуелсіздік даңғылы 12, 12/1, 12/2, 14, 14/1, 14/2, 1, 1/1, 3/1, 16-үй; Жалайыри көшесі 1, 3, 5; Саргүл көшесі 7; Шарль де Голль көшесі 13; Тасшоқы көшесі 1, 2; Романтикова көшесі 27 тұрғын үй кешендерінде су болмайды. Оған қоса, тұрғын үйден басқа нысандар: Тәуелсіздік даңғылы 10, 16/1, 18/1, 18, 20/1; Тәуелсіздік даңғылы 14/3, № 21 «Гүлдер» балабақшасында су берілмейді.