Сталинге хат жазып, соғысқа сұранған қазақ қызы
Сталинге хат жазып, соғысқа сұранған қазақ қызы
658
оқылды

Ол хатты оқыған Сталин оны майданның алдыңғы шебіне жіберген екен.

Сталинге хат жазған қыздың есімі – Халида Маманова. Ол бұл хатты осыдан 77 жыл бұрын жазған.

Халида негізі жағдайы жақсы, бай-ауқатты отбасында дүниеге келген. Тіпті, әкесінің інісінеІІ Николайпатшаның өзі «болысбек» атағын мұрагерлікпен берген екен. Оған қоса, Халиданың отбасы Қазан төңкерісіне дейін өз қаражатымен Жетісуда мектеп салып берген. Сонымен бірге, жергілікті газеттердің шығуын қолдап отырған-мыс.

 Дәл Ұлы Отан соғысы басталған сәтте бойжеткен Алматыдағы медициналық институттың түлегі еді. Сол кезде өз еркімен дәрігер не болмаса медбике ретіндемайданға баруға тырысқан. Бірақ одан ештеңе шықпады. Оған себеп, оның шығу тегі еді.

Мұны білген Халида Сталиннің өзіне хат жазған. «Егер мені халық жауы деп санасаңыз, алдыңғы шепке жіберіңіз. Ол жерден аман-есен оралсам, мені ғана емес, ағайын-туысыма тағылған барлық айыпты аласыз» деген. Осыдан кейіноны Сталин соғысқа жіберген.

 Сарбаздар араларындағы жалғыз бойжеткенді соғыстың әр шабуылында қорғаштап жүрді. Сөйтіп, онытек 1943 жылы ақтады. Содан Халида әуе батальонына ауыстырылды. Сол жерде жүріп ол Берлинге дейін жеткен. 

Ақырында соғыс алаңындағы дәрігерлік амбулаторияның бастығы болды. 1945 жылдың желтоқсанында соңғы рет жараланған. Міне, сол кезде «медициналық қызмет капитаны» атағын берді. Негізі майдан шебіне барысымен-ақ «кіші лейтенант» атағын беруі керек еді. Бірақ тағы да сол шығу тегіне байланысты берілмеген болатын.

 Соғыстан кейін Халида кандидаттық, артынан докторлық диссертация қорғады. Оның қатерлі ісік ауруларын зерттеуі жөніндегі монографиясы Батыста сенсация болды. 

Өкінішке қарай, 1979 жылы ақтөбелік дәрігерлер делегациясымен бірге Болгарияға демалуға жіберілгенде теңізге батып, қайтыс болған. 

Қазір Ақтөбеде оның есімімен аталған көше бар. Бүгінде ол тірі болғанында 24 наурызда 100-ге келер еді.