Президент Алекперовті қабылдады
Президент Алекперовті қабылдады
138
оқылды
Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компа­ния­­­­­сының президенті Вагит Алек­перовті қабылдады. Бұл ту­ралы Ақорданың баспасөз қыз­меті хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұ­най компаниясының 2019 жы­лы Қазақстанда атқарған жұ­мыстарының есебі бе­рілді. Сон­дай-ақ Вагит Алекперов «Жеңіс» және I-P-2 теңіз жо­баларын жү­зеге асыру­дың қазіргі ахуалы мен перс­пек­тивалары ту­ра­лы баян­дады.

Ресей бизнесмені Қазақстан Пре­­зидентіне Алматы об­лы­сын­­да биыл қыркүйек айында ашыл­ған «ЛУКОЙЛ» жа­ғар­май өнім­дерін шығаратын зауыт жұ­мы­сының алғашқы нә­тижелері жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы осындай зауыт салғаны үшін Вагит Алек­пе­ровке ризашылығын білдірді.

– Бұл – сіздің компанияның Қазақстан экономикасына қос­қан елеулі үлесі. Мұндай бағыт­тағы инвестицияларға жан-жақ­ты қолдау көрсетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Вагит Алекперов аталған өн­діріс нысаны компанияның мақ­танышына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорын 700-ге жуық өнім түрін шығарады жә­не бір жарым айдың ішінде өзінің жо­балық қуатына толық жетеді.