Қазақстандық сейсмологтер Алматыдан 257 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеді.
ҚР ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық стансаларының желісі 25 сәуір күні сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтер мұны афтершок деп атады.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2.
- MPV магнитудасы 5.4.
- Тереңдігі 10 шақырым.