Полицейлер әнші Төреғали Төрәліге қатысты тексеру жұмыстарын бастады
Полицейлер әнші Төреғали Төрәліге қатысты тексеру жұмыстарын бастады
202
оқылды
Белгілі әнші Төреғали Төрәлінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған фотосуретіне қатысты тексеру жұмыстары басталды. Әнші әлеуметтік желіде қарсаққа ұқсайтын аңды өлі күйінде ұстап тұрған фотосуретін жүктеп, аң аулап жүргенін жазған. Алайда желі қолданушылары оны аңға қатыгездік жасағаны үшін сынап-сөккен. Көп ұзамай бұл фотосурет тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, әнші оны өшіріп тастады.
«Тексеру шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Сонымен қатар құқықтық баға беріледі», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 width=