Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың әкеге арналған әні жарық көрді , – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші өзін өнер жолына жетелеген әкесі екенін айтты. Сонымен қатар қызына кішкентайынан үлкен әнші болады деп сенім артқанын жеткізді.
«Өнерге жетелеп, үшінші сыныпта Қарағанды қаласына музыка мектебіне апарған еді. Ол мектеп орысша екен, мен «Орысша білмеймін, ауылға қайтамын әке» деп жыладым. Сонда әкем «Кері қайтпайсың» деп, екінші интернатқа орналастырып, мектеп директорына «Менің қызым жақсы ән айтады, үлкен әнші болады» деп айтқаны әлі есімде. Содан екі жылдан соң Алматыға Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне де әкем алып келген еді. Осы жыл әкем бар болса 100 жасын тойлар едік, әттең 58 жасында өмірден озды», - дейді әнші.
Желі қолданушылары қолдау білдіріп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Бүгінде сол кісінің атын елге танытып, өнеріңізбен биікте жүрсіз. Әр жеңісіңізге әкеңіздің аруағы риза шығар, еңбегін ақтадыңыз, ол кісінің жасамаған жасын жасаңыз», «Асқар тау әкеңіз білген ғой жарық жұлдыз болатыныңызды», «Керемет ән, керемет орындау. Әке үмітін ақтаған қыз, әкеңіздің жаны жәнатта болсын», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
