Қарақия ауданында су бұру желілері пайда болады
Қарақия ауданында су бұру желілері пайда болады
178
оқылды

Биылғы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Мұндай әлемдік тәжірибеге сай келетін пропорционалды модель демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

Сайлау күніне де санаулы күн қалды. Nur Otan партиясы үгіт-насихат жұмысын үдетпесе, азайтқан жоқ. Қарақия ауданында соңғы сайлау аптасында бірқатар іс-шара жүзеге асты. Халықты барынша құлақтандыру мақсатында үй-үйді аралап, тұрғындармен тікелей байланыс орнату, тосын кездесулер, канвассинг, онлайн да іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық маслихат депутатына үміткер А.Жолдыбаев сенімді өкілдерімен Қарақия ауданына жол тартты. Құрық ауылында болып, ауыл үйлерін аралады. Тұрғындармен кездесіп, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Үнпарақтар таратып, партияны қолдауға шақырды. – Қарақия ауданы халқының 97,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауданда орталықтандырылған су бұру желілері жоқ. Nur Otan партиясы 2025 жылға дейін аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, су бұру желілері және санитарлық тазалықпен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Ол үшін партия Жетібай ауылынан резервуар, Кендіріліден су тұщыту зауытын, ұзындығы 140 шақырым болатын Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылдарында су бұру желілерін салуға ықпал етеді. Аққұдық елдімекеніндегі (Ақмая жері) су тазарту қондырғысына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді кандидаттар насихат барысында. Қарақия «Есіктен-есікке» акциясы аясында А.Базылбекованың сенімді өкілі Рысгүл Тайшаева Бостан ауыл тұрғындарына насихат жұмысын жүргізді. Ал аудандық мәслихат депутатына үміткер Қуандық Жүгенбаевтың сенімді өкілі Қарақия ауданы Сенек ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ауданда жол сапасы жақсаратыны айтылды. Nur Otan партиясы ауылішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады. Жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын республикалық маңыздағы Құрық – Жетібай автомобиль жол құрылысы жүргізіледі. Жетібай, Бостан, Құрық, Ералы, Маңғыстау ауылдарының жолдары жөнделіп, аудан бойынша жаңа жолдар салынады. 5 жылда ауылішілік автомобиль жолдары 37%-дан 60%-ға дейін жақсы жағдайға жетеді. Тұрғындар Nur Otan партиясының жұмысына бағасын беріп партияны қолдайтындарын жеткізді.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қоры қаражатынан төленді.