Құс фабрикасының басшысы жарты миллиард теңге жымқырған ба?
Құс фабрикасының басшысы жарты миллиард теңге жымқырған ба?
230
оқылды

КТК арнасы Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов пен оның бас есепшісі мемлекеттен субсидия ретінде бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

Облыстағы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жылына шамамен 100 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тексергеннен кейін басшысы мен бас есепшісі күдікке ілінді. Олар қазына қаржысын талан-таражға салған көрінеді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Рахым Мақажанов: «Сомасы – 534 миллион теңге. Субсидия ақшасын жымқыру фактісі бар. Бірақ күдіктілер қамауға алынған жоқ. Оларға айып та тағылған жоқ. Сот алды тергеу амалдарынан кейін істің анық-қанығы белгілі болады», – деді.