Димаштың Нью-Йорктегі концертінің фотосы жарияланды
Димаштың Нью-Йорктегі концертінің фотосы жарияланды
230
оқылды

Димаштың Нью-Йорктегі ән кешінен алғашқы фотолар жарияланды.

Dimashnews.com-ның хабарлауынша, концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері Нью-Йорктегі Barclays Center арена сахнасында әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің концерті аншлагпен өтіп жатыр. 

Димаш2.jpg

Arnau tour ENVOY аясында әнші көрерменін жаңа әндерімен таңдай қақтырды. Нью-Йорк сахнасында қойылымдарды ұлттық нақышта безендірді. Ерекше айтып өтер жайт, Димаш оркестрдің сүйемелдеуімен «Адай» күйін және басқа да композицияларды нәшіне келтіріп орындады. Көрермен «Елім менің» әнін қосыла шырқады. 

Әлемнің 60 астам мемлекетінен жиналған тыңдарман Димашпен бірге «Әлемде бейбітшілік болсын!», «Менің Отаным – Қазақстан» деп ұрандады. Сахна төріндегі үлкен экраннан Қазақстанның Мемлекеттік туы желбіреп тұрды. Димаштың домбырамен төгілтіп күй шертіп отырып, арнайы кранмен көкке көтерілуі көрермен күтпеген жаңалық болды. Шетелде тұратын қандастарымыз көзіне жас алып, толқуы олардың атажұртқа деген аңсаған сағынышын аңғартты.

Әншіні Нью-Йорктегі жанкүйерлері Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайында Қазақстанның жалауымен қарсы алған еді.

Димаш4.jpg

Димаш Құдайберген халық әні «Дайдидай-ауды» бала кезінен әлемге танытуды армандаған.  Нью-Йорк сахнасында ән салып тұрып, бала кездегі арманы орындалғанын айтты. Көрерменнің ыстық ықыласы әншіні ерекше шабыттандырды.

Димаш3.jpg

«Бүкіл концерт бойы толқып отырдым. Ұлы атқа қонса, алаңдамайтын ата-ана жоқ шығар, сірә. Ең бастысы, біз мақсат-мүддеміздің үдесінен шықтық. Қазақстанды танытуды, қазақ жұртының өнерімен тамсандыруды, қазақ мәдениетінің осал еместігін, кез келген мәдениетпен бәсекелесе алатындығын көрсеткіміз келген. Міне, кеш бойындай осындай идеямызға сай, ұлттық нақыш есіп тұрғандығын бәрі байқады деп ойлаймын», ­­— деді әншінің әкесі Қанат Айтбаев.

Димаш6.jpg

Димаш қазақ, ағылшын, орыс, француз, итальян және қытай тілінде ән шырқады.

dimash.jpg

Dimash 2.jpg

Фото:  dimashnews.com сайтынан алынды