ДДСҰ: 30-дан астам елде вакцинация басталды
ДДСҰ: 30-дан астам елде вакцинация басталды
106
оқылды
Әлемде 30-дан астам ел коронавирусқа қарсы вакцинацияны бастады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Екпе бірінші кезекте денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрған адамдарға салынып жатыр. Сондай-ақ ол вакцинаны жекелеген елдер ғана иеленбей, бүкіл әлем үшін қолжетімді ету керектігін ескертті. Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Файзер» және «Байонтек» екпесін мақұлдаған болатын. Халықаралық қауымдастық қазір жаңа 2 вакцинаның тиімділігін тексеріп жатыр. Қаңтар айының соңына дейін тағы 3 екпе сынақтан өтуі тиіс.
– Барлық елдің үкіметтерінен бірлесіп жұмыс істеуді және вакцинаны әлем бойынша тең көлемде таратуға үлес қосуды талап етемін. Сондай-ақ фармацевтикалық топтардың бәрі екпені жеткізу ісін мейлінше тездетуі керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік банктің жүздеген бастамасы жүзден астам елді қолдауға бағытталуда, - дейді Тедрос Адханом Гебрейесус.