Тергеу мәліметінше, ұрлық 2016-2018 жылдары жасалған.
Қазіргі сенатор, Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Серік Біләловтің ағасы 500 миллион теңгеден астам мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Бұл ақша құс фабрикасына жұмыртқа бағасының шығынын азайтуға деп бөлінген, – деп хабарлайды КТК.
Кәсіпорын қызметкерлері журналистерге күдікті Ерік Біләлов кәсіпорында жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан. Қазір фабриканың жұмыртқа өндірісі әлдеқайда азайып кеткен.
Тергеу мәліметінше, ұрлық 2016-2018 жылдары кәсіпорынды Ерік Біләлов басқарған кезде жасалған. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің мәліметінше, Ерік Біләлов бастаған бір топ адам миллиондаған ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Айта кетейік, күдікке ілінген Ерік Біләловтың туған ағасы – Серік Біләлов 2007-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2013 жылдың наурызынан бастап – ҚР Парламенті Сенатының депутаты.