Алматыда 16 жастағы қыз жоғалып кетті
Алматыда 16 жастағы қыз жоғалып кетті
233
оқылды

Айғаным колледждегі сабақтан кейін, 13:00-ден бастап оралмаған.

Алматыда із-түссіз жоғалған 16 жастағы Айғаным Әкімбекованы іздеп жатыр. Колледж студенті 2019 жылдың 9 желтоқсанында дүйсенбіде жоғалған. Бұл туралы оның анасы Күләш хабарлады, – деп жазады Liter.kz. 

«Айғаным сағат 6.30-да автобуспен Алатау аймағындағы Томирис ауылынан Алматы сервис колледжіне кетті. Сабақтан кейін 13:00-де, құрбыларына үйіне қайтып бара жатқанын және 45-маршрутпен кету үшін аялдамаға барғанын айтқан. Осы хабарламадан кейін мен одан еш хабар ала алмадым. Мен барлық жерлерді: ауруханаларды, құрбыларын аралап шықтым. Қызымды таба алмады», – дейді анасы.

Әкімбековтер отбасы балалары жоғалғаны туралы арызды 10 желтоқсанда 8:00-де жазған. Іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Негізгі белгілері: Айғаным Әкімбекова ол күні қара күртеше, қара джинсы және угги етігін киген.

кыз 2.jpg


Қыздың қайда екендігі туралы хабар білсеңіз, анасы Күләш Әкімбековаға             

 +7 (747) 377-53-29 телефоны бойынша хабарласыңыз.