Депутат Ақмола облысында марганец өндіруді тоқтатуды сұрады
Депутат Ақмола облысында марганец өндіруді тоқтатуды сұрады
220
оқылды

«Марганец – ауыр металл, оның салдары ауыр психикалық бұзылулар мен психикалық процестерге әкеледі».

Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы маңында марганец кендерін өндіруге тыйым салуды сұрайды, – деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Жақсы ауылының тұрғындары «Жақсылық»ЖШС-нің іс-әрекеттеріне қатты алаңдаушылық білдіріп отыр, олар қоғамдық тыңдаулар өткізбей және көпшіліктің мақұлдауынсыз ашық түрде марганец кендерін өндіруге наразылық білдіруде. Сізден марганец өндірудің жол берілмеуі туралы тұрғындардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қажетті шараларды қабылдауыңызды сұраймыз», – делінген депутаттың премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында.

Ж.Дүйсебаевтың айтуынша, кен орнын игеру ісіндегі мәселені ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері көтеріп келеді, бірақ қолдау мен мақұлдау таба алмай отыр.

«Тұрғындар тау-кен өндірісі экологиялық апатқа, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіруі мүмкін деп алаңдауда. Марганец – ауыр металл, оның салдары ауыр психикалық бұзылулар мен психикалық процестерге әкеледі», – дейді депутат.