Елордалықтар жарна төлеу жағынан үздік үштікте
Елордалықтар жарна төлеу жағынан үздік үштікте
5,189
оқылды

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен медициналық сақтандыру жарнасының жалпы көлемі 28 млрд теңгеден астам соманы құрады. Бұл республика бойынша аударымдар мен жарналардың жалпы сомасының 12,3 пайызын құрайды.

«2019 жылдың 1-30 қарашасы аралығында елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер өз жұмыскерлері үшін 1,124 млрд теңгеден аса медициналық сақтандыру жарнасын аударған. Олардың қомақты бөлігі – 1,121 млрд теңгесі (99.70%) елордалық жұмыс берушілерге тиесілі. Ал 3 млн теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтін тұлғалардан түскен жарналар», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Нұр-Сұлтан қаласы жарна төлеу жағынан Алматы қаласынан (20,5%) кейін екінші орында, ал үшінші орында – Қарағанды облысы (8,1%).  

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түкен барлық  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы, Ұлттық банкпен арада жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.