Түркістан көк түтіннен арылды
Түркістан көк түтіннен арылды
158
оқылды

Түркістан қаласындағы орталық қазандық жылыту маусымында табиғи газбен жылытыла бастады. Осылайша, қала газбен толық қамтамасыз етілді. Бұл қаланың эко­логиялық жағдайының жақсарып, ауаның ластануын 65%-ға азайтты.

Түркістандықтармен кездес­кен облыс әкімі Ө.Шөкеев қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тұрмысқа қолайлы жағдай жасау үшін табиғи газды пайдалануға шақырды. Сондай-ақ табиғи газ тартылған тұрғын үйлерді аралап көрді. Түркістан қаласын газдан­дыру 11 кезеңге бөлініп, құны 20,2 млрд болатын құрылыс жұ­мысы жүргізілді. Қазір 52 037 або­нент газбен жабдықтау желі­сіне қосылды. Оның 62%, яғни 26 200 отбасы өз үйінде табиғи газ­ды пайдаланып отыр. Кейбір жер телімдері уақытылы тіркел­мегендіктен,  380 абонент алдың­ғы жобаларда есепке алынбағаны анықталды. Бүгінде осы або­нент­терді қосу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қаланың толық табиғи газға қосылуы – қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді жолы. Осы тұста Түркістан қаласының бас жос­парына сәйкес, қала айна­ласынан 7 700 гектар аумаққа жасыл белдеу құру және толық­тай газдандыру жоспарланды. Қазір 4 700 гектар жерге  түрлі ағаш көшеттері егілді. Қалған        3 000 гектар жерді игеру осы жыл­­дың соңына дейін аяқтала­ды. Облыстық Экология де­партаментінің мәліметіне сәй­кес, Түркістан қаласы бойынша 2018 жылға атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттар­дың нақты лимиті 4,5 мың тон­на­ны құраған. Ал 2020 жылы Түр­кістан қаласын газдандыру арқы­лы 1,6 мың тоннаны құра­ды. Сондай-ақ қазандықтарды көмірден газға ауыстыру ластау­шы заттар мөлшерін 2 есе, атап айтқанда 381 тоннадан 150 тон­наға төмендетті.

Айдана БЕГІМ