Неміс овчаркасы талағаннан кейін 8 жасар бала қайтыс болған.
Қайғылы оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында орын алды. Қабаған ит сол отбасына тиесілі болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз баланың өлімі туралы оқиғаны растаймыз. Қазір бұл істі Шелектің полиция басқармасы тексеріп жатыр. Неміс овчаркасы құрбан болған баланың отбасына тиесілі. Тергеу облыстық басқарманың бақылауында. Біз сараптаманың нәтижесін күтеміз, содан кейін түпкілікті процедуралық шешім шығарылады» , – дейді Алматы облысы ДП-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.