Алдағы күндері елімізде күн жылынады
Алдағы күндері елімізде күн жылынады
134
оқылды
"Қазгидромет" РМК 9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер ететін болады. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының оң көрсеткіштерге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.