"Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер ететін болады. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының оң көрсеткіштерге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.