Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген талдау қорытындысына сүйенсек, тіс дәрігерлерінің тең жартысы мамандығы бойынша жұмыс таппай жүр.
Статистика бойынша, оқу орнын бітірген әрбір төртінші түлек жұмыс таппайды. Жергілікті жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру бағдарламаларының 70 пайыздан көбі кадр даярлауда жұмыс берушілердің талабына сай маман дайындамайды.
24.kz-тің жазуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жоғары оқу орындарында жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қолында дипломы бар филолог пен стоматолог мамандардың жартысынан көбі өзіне ұнайтын жұмыс таппай жүр. Олардың қатарында түлектердің 40 проценті жалпы медицина факультетін бітіргендер. Жаңа оқу жылында аталған мамандық түріне 2 мыңнан астам грант бөлінді. Мемлекет әр студентке шамамен 1 миллион теңге жұмсайды. Өкінішке қарай, медицинада кадрлар жетіспегенімен, осы саланың жас мамандар жұмыссыз жүр.