Елбасыға құрмет
Елбасыға құрмет
152
оқылды

Түркі дүниесі жазушылары мен өнерпаздары қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану» сыйлығын берді.

Түркі әлеміне ерекше еңбек сіңірген Елбасыға берілген сыйлық тұңғыш рет тағайындалып отыр.

Сыйлықты 1919 жылғы 19 мамырда Түркияның Азаттық алуының 100 жылдығына орай Түркі дүниесі жазушылары мен өнерпаздары қоры тағайындаған. Бұл марапатқа Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп танылды.

Сыйлықты Түркия Ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлына тапсырды.