Алматыға күн сайын сырттан 200 мың автокөлік кіреді
Алматыға күн сайын сырттан 200 мың автокөлік кіреді
203
оқылды

Көліктің 30-40% медициналық қызметтер алу үшін, 20% білім алу үшін қатынайды.

Kazakhstan Urban Conference жиынында Алматыға көршілес аймақтардан кіретін автокөліктердің саны туралы мәліметтерді жарияланды, –деп хабарлайды Zakon.kz.

– Күн сайын қалаға 200 мыңнан астам көлік кіреді. Нағыз жұмыс уақытында олар жолдардағы көлік қозғалысы мәселесін қиындатады және қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Жалпы, қалаға іргелес 5 ауданда 230 мың көлік тіркелген. Аймақтан келетін көліктің шамамен 30-40% -ы еліміздің басқа аймақтарынан транзит болуы мүмкін. Облыс және қала әкімдіктері Алтын Орда, Талғар және басқа бағыттар бойынша көлік бағыттарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов,

Алматыда мұндай үлкен көлік ағыны қандай себептерден туындап отырғанының себебі анықталған.

– Талдау жүргізілді, оған сәйкес көліктің 16-20% оқу үшін келеді. Шамамен 30-40% медициналық қызметтер алу үшін кіреді. Алматы айналасындағы стандарттарға сәйкес біз бұл қызметтерді ұсындық. Тұрғындарға қалаға жиі барудың қажеті болмауы үшін жағдай жасау керек. Мәселен, Алматы шекарасында көпсалалы ауруханалар салу мәселесі қарастырылуда », – деді Жеңіс Тұяқов.

Әкім орынбасарының айтуынша, Алматыға іргелес Іле ауданында жұмыс орындарының санын көбейту мақсатында ірі индустриалды аймақ құрылған.