БҚО-да 16 мың литрден аса алкоголь өнімі тәркіленді
БҚО-да 16 мың литрден аса алкоголь өнімі тәркіленді
338
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Ақсай» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге ілеспе құжатсыз тасымалданып бара жатқан 16 200 литр алкоголь өнімін анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР 429-І заңын бұзу болып саналады. Осылайша Ресей азаматының автокөлігі айып тұрағына қойылып, құны 2 673 000 теңге құрайтын алкоголь өнімі тәркіленді», – делінген хабарламада.

Ал РФ азаматына Бөрлі аудандық сотының қаулысымен 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынды.