Forbes 2019 жылдың ең ықпалды әйелін атады
Forbes 2019 жылдың ең ықпалды әйелін атады

Германия канцлері Ангела Меркель бір жыл бұрын Forbes журналының 2019 жылғы әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің рейтингісінде тұрған еді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Үздік үштікке сонымен қатар ХВҚ басшысы Кристин Лагард пен АҚШ палатасының спикері Нэнси Пелоси кірді.

Басылым тоғызыншы жыл қатарынан бірінші орында тұрған Меркельдің Еуропадағы иммигранттарға қарсы пікірлермен күресуді жалғастырып жатқанын еске салады.

Ал Нэнси Пелоси – АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент рәсімінің басты дем берушісі. Осы жолдағы беделі оны әлемдегі ең ықпалды әйелдер тізімінде үшінші орынға шығарды.

20 орында америкалық тележүргізуші Опра Уинфри, 40-та Ұлыбритания патшайымы Елизавета II, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы әрі кеңесшісі – Иванка 42-орынға тұрақтады.

Ресейдің Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина рейтингтің 53-ші сатысына шығып, америкалық әнші Рианна (61-орын) мен теннисші Серена Уильямсты (81) басып озды.