Қазақстанда сайлау басталды
Қазақстанда сайлау басталды
266
оқылды

Сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, ADAL саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» өз кандидаттарын ұсынған.

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл»  партиясынан – 19; Nur Otan партиясынан – 126; ADAL саяси партиясынан – 16; Қазақстанның «Ақ жол» партиясынан – 38 «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Жергілікті мәслихаттарға – 832, оның ішінде «Ауыл» – 158, Nur Otan – 216, ADAL – 215, «Ақ жол» – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді.

Сайлау сағат 7.00-20.00 аралығында өтеді.

Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де – ред.) ашылады.