Ирактан оралған қазақ балалар туыстарымен қайта қауышты
Ирактан оралған қазақ балалар туыстарымен қайта қауышты
126
оқылды

Олар да ел қатарлы мектепке барып, қатарластарымен бірге сабақ оқитын болады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйғарымымен 27 қарашада гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға оралған балалар жақын туыстарына тапсырылды.

Бұл шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко, Білім және ғылым министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер және тағы басқалары қатысты.
Аладғы уақытта да олар мемлекет қарауында болады. Енді, олар қатарластарымен бірге еліміздегі мектептерде еркін оқи алады.